01 наурыз 2021 10:30

"Борат-2" фильмі "Алтын глобус" жүлдесін алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Борат-2" фильмінен кадр "Борат-2" фильмінен кадр

"Борат-2" үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Борат-2" үздік комедия немесе мюзикл номинациясы бойынша "Алтын глобус" сыйлығының иегері атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Алтын глобустың" Twitter-дегі ресми парақшасында хабарланды.

Ал Саша Барон Коэн "Комедия немесе мюзиклдегі ең үздік ер адам ролі" номинациясын жеңіп алды.

Сыйлықты Голливудтың шетелдік баспасөз қауымдастығы (HFPA) - 90 халықаралық журналистен тұратын топ табыстайды. Енді фильм "Оскар" номинациясына ілігуі тиіс.

"Борат-2" фильмінің сюжеті бойынша қазақстандық танымал журналист Борат Сағдиев тағы АҚШ-қа барады. Ол жақта елдің саяси өмірі мен алдағы президент саулауы туралы зерттейді. Адамдарды ызаландырады, коронавирус пандемиясымен қолға скороводка алып күреседі және демократтардың қарсыластарымен әңгімелеседі.

Фильм премьерасы 2020 жылы 23 қазанда Amazon Prime-да - АҚШ президентін сайлау қарсаңында болды. 

Бірінші "Борат" 2006 жылы шыққан. Ол Қазақстанда көрсетуге тыйым салынған

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети