20 сәуір 2015 07:30

"Форсаж-7" фильмі Қазақстанда төрт күнде 400 миллион теңге жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@"Форсаж-7" фильмінің постері @"Форсаж-7" фильмінің постері

"Форсаж 7" кинофильмі Қазақстанда прокаттағы төрт күнде (9-12 сәуір) 397 миллион теңге (2,13 миллион доллар) жинады, - деп хабарлайды idea-lab.kz. Бұл тек Ticketon.kz онлайн билет сатып алу жүйесіне тіркелген 13 кинотеатрдың кассасынан түскен қаржы, жалпы сомасы бұдан да көп.

Басты рольдерде Вин Дизель мен 2013 жылы көлік апатына ұшыраған Пол Уокер және Джейсон Стейтем мен Дуэйн Джонсон ойнайтын фильм АҚШ-та бір аптада 143,6 миллион доллар жинады. Ал прокатқа шыққаннан бастап 17 күнде әлем бойынша бір миллиард доллардан астам қаржы жинаған. 

Джеймс Ванның фильмі Джосс Уидонның "Мстители" фильмнің кассалық рекордынан асып түсті. Осыған дейін Джеймс Кэморон түсірген "Аватар" мен "Гарри Поттер и дары смерти: часть 2" фильмдері ғана 19 күнде миллиард доллар жинай алды.

Кино сарапшыларының айтуынша, "Форсаж-7" фильмі әлем бойынша 1,4 миллиард долларға дейін қаржы жинауы мүмкін. Тапқан табысы бойынша картина 2015 жылдың ең кассалы фильмі атанды. Айта кетейік, фильмнің бюджеті 190 миллион долларды құраған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети