16 наурыз 2020 | 10:09

Голливуд жұлдызы коронавирус жұқтырды

Фото: twitter.com/olyakurylenko

Голливуд актрисасы, "Квант милосердия" фильмінде Джеймс Бондтың сүйіктісін сомдаған Ольга Куриленко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы жұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд актрисасы, "Квант милосердия" фильмінде Джеймс Бондтың сүйіктісін сомдаған Ольга Куриленко коронавирус жұқтырды. Бұл туралы жұлдыз Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актрисаның айтуынша, ол коронавирусқа тесті оң нәтиже көрсеткен соң, бір аптадан бері үйде карантинде жатыр. 

Реклама
Реклама

"Дене қызуы мен әлсіздік - негізгі симптомдарым. Сақ болып, бәрін назарға алыңыздар!", - деп жазды Куриленко. 

40 жастағы актриса украиналық Бердянск қаласында дүниеге келген. "Париж, я люблю тебя", "Курьер", "Комната желаний", "Агент Джонни Инглиш 3.0", "Семь психопатов", "Квант милосердия" фильмдерімен танылған. 

Өткен аптада америкалық актер Том Хэнкс пен оның жары Рита Уилсонның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған.  

Соңғы мәліметтер бойынша, соңғы бір тәулікте 10 982 адам коронавирус жұқтырған, ал 343 науқас қайтыс болған. Осылайша, әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 153 517-ге жетті, бүгінде коронавирустан 5375 адам көз жұмған. 

Қазақстанда тоғыз адам вирус жұқтырған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram