ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қаңтар 2021 | 17:43
Голливуд киноиндустриясы жаңа антирекорд орнатты
Голливуд киноиндустриясы жаңа антирекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FilmLA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Голливуд киноиндустриясы жаңа антирекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі FilmLA ұйымының ресми сайтына сілтеме жасап.
FilmLA коммерциялық емес ұйымы CОVID-19 пандемиясының Голливуд кино экономикасына әсері туралы есеп жариялады.
Көрсеткіштерге сәйкес, 2020 жылы аймақтағы түсірілім күндерінің жалпы саны 48 пайызға, яғни 18 мыңға азайған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Сарапшылар бұл соңғы 25 жылдағы ең төмен көрсеткіш екенін атап өтті.
"COVID-19-дың жергілікті кино өндірісі мен жұмыс орына әсері орасан зор. Өндіріс тоқтап, сала жұмысы баяулағандықтан, жалпы жылдық өндіріс бұрын-соңды болмаған төмен деңгейге жетті", - деді FilmLA басшысы Пол Одли.
Сондай-ақ, есепте коронавирус пандемиясына байланысты Лос-Анджелестегі кино өндірісі 87 күнге толығымен тоқтағаны көрсетілген. Наурыздың ортасынан 2020 жылдың аяғына дейін шамамен 198 тұрақты жоба мен 57 пилоттық жобаны жабуға мәжбүр болды. Көптеген жоба кестелері 2020 жылдың күзіне дейін кейінге қалды және 2021 жылға ауысты.
Голливудтық киностудиялар вакцинация бағдарламасының жүзеге асуы фильмдер мен сериалдарды түсіруді қайта бастауға мүмкіндік береді деген үмітте.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кинотеатрлар пандемияға байланысты 20 миллиард теңге жоғалтты деп хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также