31 қаңтар 2015 11:44

Жас режиссер "шымкенттіктер" туралы фильм түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен кадр Фильмнен кадр

Қазақстандық режиссер Жәнібек Жанғараев "Өйткені шымкенттік" деп аталатын фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық режиссер Жәнібек Жанғараев "Өйткені шымкенттік" деп аталатын фильм түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лентада елде, сюжет бойынша, сүйкімі қашқан Шымкент қаласының тұрғындарының ауыр жағдайы көрсетіледі. Трейлерде қалыптасқан стереотиптерден шыққан әзілдер көп: "Осы сендер сияқтылар болғандықтан бізді, шымкенттіктерді жақтырмайды", "Шымкенттіктер - олар адамдар және олар біздің арамызда", "Олар қыздарды алып қашады ғой", "Шымкенттік қана бәрін және бір сәтте алғысы келеді".

Фильмді жасаушы Жәнібек Жанғараев Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Сұхбатында ол трейлерге қарап, тұжырым жасай бермей, фильмнің шығуын күту керек екенін айтты. "Фильмнің Шымкент қаласының ең мықты екенін немесе ең жаман екенін көрсетпейтініне сендіремін. Фильм оңтүстіктен шыққан адамдардың басқа өңірлерде жұмысқа тұрғандағы, жалпы бейімделуіндегі қиындықтары туралы. Ал осы фильмде біз Шымкенттен шыққан жас жігіттің Алматыға арман қуалап келіп, қызға ғашық болып, ал оның ата-анасының оңтүстіктің адамдарын жеккөретінін мысалға келтіреміз. Ешкім де қайда туылатынын таңдамайды", - деді ол.

Режиссер бұл идеяның студент кезінде-ақ, КВН (КТК) ойнап жүргенде-ақ пайда болғанын айтты. "Дәл сол кезде мен Шымкентте де жақсы адамдардың бар екендігі жайлы фильм түсіремін деп ойладым. Фильмнің сценариін бұрында КВН ойнаған Дархан Кальменовпен және Ілімше Алтаевпен бірге жаздық", - деді режиссер.

Фильмде басты рольдерді жас актерлер Шапағат Орынбаев пен Айәсем Масақбаевалар ойнайды. Картинаның түсірілім жұмыстары 1,5 айға созылған. "Өйткені шымкенттік" ("Потому что Шымкентский") деп аталатын фильм прокатқа осы жылдың көктемінде шығарылмақ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети