05 наурыз 2014 20:47

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультфильмдер жинағы жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ эпосының жанры бойынша жасалған мультфильмдер жинағы. Фото: Tengrinews.kz Қазақ эпосының жанры бойынша жасалған мультфильмдер жинағы. Фото: Tengrinews.kz

Қазақ эпостарының желісі бойынша түсірілген мультипликациялық жинақ жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жинаққа "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер-Тарғын батыр", "Қамбар батыр" секілді мультфильмдер кірген. Ойын методикасы бойынша жасалған 400 минуттық жоба балаларға эпос арқылы қазақ тілін үйрету үшін жасалған. Мультфильмдер жинағы балардың ана тіліне деген, ұлттық мәдениеті мен тарихына қызығушылықтарын арттырады. "Бала тәрбиесінің түп-тамыры халықтық методикада жатыр. Ол арқылы балалар адамгершілік, шыншылдық, мейірім және ерлік қасиеттерді бойына сіңіре алады. Мультфильмнің басты қаһармандары Алпамыс, Қобыланды, Ер-Тарғын, Қамбар батырлардың ерлігі жас буын өкілдерінің туған жерге деген махаббатын оятады", - дейді ұйымдастырушылар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети