25 мамыр 2015 18:20

"Қазақ хандығы" фильмінің режиссері бас кейіпкерлерді іздейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Артем Абленко ©Артем Абленко

Алматыда "Қазақфильм" аумағында "Қазақ хандығы" тарихи фильмінің басты рөліне сынама видеолар түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм режиссері - Рүстем Әбдірашев.


Алматыда "Қазақфильм" аумағында "Қазақ хандығы" тарихи фильмінің басты рөліне сынама видеолар түсіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Фильм режиссері - Рүстем Әбдірашев.

Көп сериялы телевизиялық жобаның басты рөлдеріне актер іріктеу жұмыстары бірнеше аптадан кейін аяқталады. Картинаға тек қазақстандықтар ғана емес, Хакасия, Өзбекстан әртістері де түседі. Режиссердің айтуынша, басты рөлдерге үміткерлер ішінде Берік Айтжанов, Досхан Жолжақсынов, Еркебұлан Дайыров, Қарлығаш Мұхамеджанова мен Құралай Анарбекова бар.

Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарымен екі компания айналысады. Олар осыған дейін "Көшпенділер" картинасымен жұмыс істеді. Түсірілім тобы алты ай бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Трюктермен танымал каскадер Жайдарбек Күнғожиновтың командасы айналысады. Түсірілімге қажетті жылқылар мен түйелер сатып алынды. Сонымен қатар, осыған дейін "Қазақфильм" киностудиясының президенті Бақыт Қайырбеков "Қазақ хандығы" картинасының түсіріліміне республикамыздағы ең мықты кинематографшылардың шақырылатынын айтқан болатын.

Фильм сценарийін "Ақ боз үй" трилогиясының авторы Смағұл Елубай мен Тимур Жақсылықов ("Жау жүрек мың бала") жазады, Сәбит Құрманбеков қоюшы-суретші болады. "Дайындық жұмыстары өте қиын. "Жау жүрек мың баланы" үш рет және "Көшпенділер" фильмдерін екі рет түсіруге кететін күш жұмсалады. Жыл соңына дейін 3-4 бөлімін түсіріп қоюды жоспарлап отырмыз. Сценарийдің негізіне Ілияс Есенберлиннің "Көшпенділер - алмас қылыш" бөлімін алдық", - деді Әбдірашев.

"Қазақ хандығы" көп сериялы фильмінде Жәнібек пен Керей және олардың ұлдары Қасым мен Бұрындық хандарының билеген кезеңдері қамтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети