Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды © Astanainfo.net

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақ хандығы туралы сериалдың қашан көрсетілетіні белгілі болды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Жазушы, драматург Смағұл Елубайдың пікірінше, қазақтың сан ғасырлық тарихын таныту кино арқылы жүзеге асса, құба-құп. Бұл "Мәңгілік ел" идеясын дәріптеуге сеп болады. "Қазақ хандығы фильмі 20 бөлім болып, дайындық үстінде. Бұл жалпы біздің киноның тарихындағы бірінші тарихи телесериал. Осы Астана күніне орай оның 10 бөлімі көрсетіледі. Ал, қалған 10 сериясын алдағы Тәуелсіздік күніне дайындап жатырмыз", - деді жазушы Смағұл Елубай.

Еске салайық, қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын мерекелеу аясында Қазақ хандығы туралы сериалдың түсірілетіні хабарланған болатын. Бұл туралы 2014 жылы қараша айында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеген болатын. "Қазақстан Президентінің тапсырмасымен Қазақ хандығы туралы 20 сериялы фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келеді. Алдын ала дайындық жұмыстары басталды. Сериал 2015 жылдың қаңтарында түсіріле бастайды", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брфифингте.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети