15 желтоқсан 2015 11:52

Қазақстандық "Шлагбаум" фильмі Мароккода өткен кинофестивальде жүлдегер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Festivalmarrakech.info © Festivalmarrakech.info

Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" фильмі Мароккода өткен Халықаралық фестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Жасұлан Пошановтың "Шлагбаум" фильмі Мароккода өткен Халықаралық фестивальде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің бағдарламасына 15 толықметраджы фильм қатыстырылды. Қазылар алқасының төрағасы америкалық белгілі режиссер Фрэнсис Форд Коппола болды. Ол "Оскар" жүлдесін алты рет иеленген. Жасұлан Пошанов сол кісінің қолынан жүлде алды. Сонымен қатар, қазылар алқасында актриса әрі сәнгер Ольга Куриленко болды.

"Шлагбаум" фильмі заманауи қоғамдағы өзекті мәселелерді көтереді. Әлеуметтік драмада қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Фильм өмірде болған оқиғаларға негізделген. Онда қоғамдағы байлар мен кедейлердің арасындағы оқиғалар баяндалады.

Айта кетейік, Мәскеуде өткен Халықаралық фестивальде картина негізгі бағдарламада көрсетілген болатын. Ол кезде басты рольді сомдаған Еркебұлан Дайыров "Ең үздік актер" номинациясын жеңіп алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети