20 сәуір 2015 11:27

Қазақстандық "Үшеуге арналған үйлену тойы" фильмі Қырғызстанда прокатқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Түсірілім кезінде @Түсірілім кезінде

Режиссер Асқар Бисембиннің "Үшеуге арналған үйлену тойы" фильмі 30 сәуірден бастап Қарғызстанда прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер Асқар Бисембиннің "Үшеуге арналған үйлену тойы" фильмі 30 сәуірден бастап Қарғызстанда прокатқа шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, лента қазақстандық прокатқа 5 наурызда шығып, қомақты кассалық қаржы жинады. Бір апта ішінде романтикалық комедия 470 мың доллардан астам пайда түсірді.

Романтикалық комедия Мәскеуде тұратын дарынды алаяқ Азаматтың (Дәурен Айдарқұлов) басынан өткен оқиғаларын баяндайды. Оның кезекті бір ісінен кейін қылмыс әлемінің дөкейі оны өлтіруге тапсырыс береді. Жігіт өзін өлтіргісі келген киллерлермен келісім жасайды. Ол аз уақыттың ішінде 200 мың доллар тауып беруі тиіс болады. Осы қаражатты табу үшін Азамат жеті жыл бұрын қашып кеткен туған қаласы Алматыға оралады. Бұл кезде оның бұрынғы досы Тимур (Нұртас Адамбаев) Азаматтан бір қызды алып қашуға көмек сұрайды. Сүйіктісі Әлияны (Аружан Жазылбекова) алып қашуға бекінген жастар күтпеген жағдайларға тап болады.

Картинада басты рөлдерде КВН жоғарғы лигасындағы "АстанаKZ" командасында ойнаған Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұловтар ойнайды. Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматыда 29 күн ішінде бітті.  Ресейлік және қазақстандық сериалдардың сценарисі ("Папины дочки", "Бажалар", "Вузеры") және бірқатар қысқаметражды фильм мен музыкалық видеоның авторы Асқар Бисембин аталған фильмнің режиссері болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети