10 сәуір 2015 17:20

"Кек алушылар-2" фильмі тарихи рекорд орнатады деп күтіліп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Kinopoisk.ru @Kinopoisk.ru

1 мамырдан бастап прокатқа шығатын "Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі” фильмі кинематографтар тарихында ең көп қаражат жинайды деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Variety арнайы зерттеудің нәтижесіне сілтеме жасап.


1 мамырдан бастап прокатқа шығатын "Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі” фильмі кинематографтар тарихында ең көп қаражат жинайды деп күтіліп отыр, - деп хабарлайды Variety арнайы зерттеудің нәтижесіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, "Кек Алушылар-2" алғашқы аптада 210 миллион доллар жинайды. "Кек Алушылар-2" - адамдар анық баратын фильм. "Форсаж-7" фильмінің көрсетілімге шығатын күні мен "Кек Алушылар-2" фильмінің алғашқы көрсетілім уақыттарының арасы соншалықты жақын емес. Сондықтан біз үлкен сұраныс болады деп күтіп отырмыз", - деді сарапшы Фил Контрино.

Олай болса, "Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі” фильмі Marvel компаниясы жобаларының ішіндегі 175 миллион доллар жинаған  "Темір адам - 3" пен бірінші аптада 207 миллион доллар жинаған "Кек алушыларды" басып озуы керек.

Сонымен қатар, сарапшылар картинаның ғаламтордағы ақпараттық таралу дәрежесінің жоғары болуы мен әлеуметтік желілердегі қолданушылардың назарының үлкен болуына назар аударып отыр. 2012 жылы шыққан "Кек алушылардың" бірінші бөлімі жалпы сомасы 1,5 миллиард доллар жинаған. Қазір картина тарихтағы ең кассалы таспалардың ішінде үшінші орында. Бірінші орында Джеймс Кэмеронның 2,7 миллиард доллар жинаған "Аватары" және екінші орында 2,1 миллиард доллар жинаған "Титаник" фильмі тұр.

Айта кетейік, "Кек Алушылар-2: Альтрон дәуірі” қазақ тіліне дубляждалады. Мақпал Исабекова актриса Скарлетт Йоханссонды дыбыстайды. Дубляждың режиссері Тимур Балымбетов. Сонымен қатар, дубляжға қазақстандық актерлар: Жасұлан Байсалбеков (Альтрон), Бейбіт Қамаранов (Тор), Ержан Жарылқасынов (Тони Старк - Темір адам), Ерғали Төлебаев (Америка капитаны), Бахытжан Жармұхамбетов (Қыран көзі) және Самат Қордабаев (Халк) қатысады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети