23 қыркүйек 2014 10:57

"Қожайындар" фильмі халықаралық кинофестивальде жас сыншылардың жүлдесіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қожайындар" фильмінің кадры. "Қожайындар" фильмінің кадры.

Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі Тулузада (Франция) FIFIGROT халықаралық кинофестивалінде жас сыншылардың сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың "Қожайындар" фильмі Тулузада (Франция) FIFIGROT халықаралық кинофестивалінде жас сыншылардың сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кинофестивальдің басты жүлдесін Дамиан Шифронның (Аргентина - Франция) "Жабайы хикаялар" лентасы жеңіп алды, көрермендер жүлдесі француз режиссері Филипп Барасстың "Жағымсыздар" драмасына бұйырды.

Айта кетейік, "Қожайындардың" әлемдік премьерасы Канн кинофестивалінде өтіп, оның қорытындысы бойынша картина сыншылардың жоғары бағасына ие болған еді. Сонымен бірге, лента Канада, Словакия, Нидерланды елдеріндегі кинофестивальдерге қатысты, қазіргі уақытта фильм "Киношок-2014" кинофестивалінде бас жүлдеден үмітті.

"Қожайындар" фильмі елдегі жемқорлықтың салдарынан баспанасынан айырылған ағалы-інілі және апалы-сіңлілі адамдардың хикаясы туралы. Жергілікті тұрғын учаскелік полицей болып жұмыс істейтін туысының көмегімен кейіпкерлерді пәтерінен шығарады. Жастар арқа сүйейтін жақыны жоқ болғанымен баспанасынан жайдан-жай айырылып қалғысы келмейді. Картинаның жанры - шынайы өмірге арналған карикатура элементтері бар абсурд драма. Кино Алматы облысында түсірілді, басты рольдерде Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының түлектері ойнады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети