09 қаңтар 2017 10:07

"Ла-Ла Ленд" мюзиклі "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм кадры Фильм кадры

Лос-Анджелестегі салтанатты шарада "Алтын глобус" киножүлдесінің лауреаттары жарияланды, шараны NBC телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.


Лос-Анджелестегі салтанатты шарада "Алтын глобус" киножүлдесінің лауреаттары жарияланды, шараны NBC телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.

"Ла-Ла Денд" мюзиклі "Комедиялық немесе музыкалық фильм" категориясында үздік фильм болды.

"Ла-Ла Ленд" мюзиклінің режиссері Дэмьен Шазелл екі бірдей награда алды - үздік режиссура және үздік сценарий. "Үздік режиссер" категориясында бұл жүледеге "По соображениям совести" лентасымен Мэл Гибсон, "Манчестер у моря" киносымен Кеннет Лонерган, "Под покровом ночи" картинасымен Том Форд және "Лунный свет" атты фильмімен Барри Дженкинс таласты.

Райан Гослинг "Ла-Ла Ленд" мюзиклімен арнаулы "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды. Бұл аталымға Хью Грант, Колин Фаррелл, Райан Рейнольдс және Джона Хиллдер таласқан еді.

Эмма Стоун "Ла-ла-ленд" мюзикліндегі рөлі үшін "комедиялық актриса" категориясында "Алтын глобусты" еншіледі, бұл аталымда сынға Мерил Стрип ("Флоренс Фостер Дженкинс"), Аннетт Бенинг ("Женщины ХХ века"), Лили Коллинз ("Правила побоку") және Хейли Стайнфелд ("Почти семнадцать") түскен болатын.

Мюзикл "Үздік саундтрек" және "Үздік ерекше ән" (City of Stars) аталымдары бойынша награда алды.

Виола Дэвис "Ограды" фильмі арқылы екінші пландағы үздік рөл атағына лайық болды. Актриса бұл аталымға бес рет ұсынылып, алғаш рет жеңіске жетіп отыр.

Ал үздік анимациялық картина Disney студиясының "Зверополис" туындысы болды. Бұл наградаға "Моана" мен "Жизнь кабачка" фильмдері таласқан.

Режиссер Пол Верховеннің "Она" деп аталатын француз картинасы "шет тіліндегі үздік фильм" категориясында жеңді. Картина режиссері басты рөлде ойнаған Изабель Юппердің ерекше дарынын атап өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети