11 қаңтар 2016 10:19

Леонардо Ди Каприо "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леонардо Ди Каприо. © ntv.ru Леонардо Ди Каприо. © ntv.ru

Танымал актер Леонардо Ди Каприо "Выживший" фильміндегі ролі үшін "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter. 73-ші марапаттау рәсімінің трансляциясын NBC жүргізіп жатыр.


Танымал актер Леонардо Ди Каприо "Выживший" фильміндегі ролі үшін "Алтын глобус" жүлдесін жеңіп алды, - деп хабарлайды The Hollywood Reporter. 73-ші марапаттау рәсімінің трансляциясын NBC жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұл Ди Каприоның үшінші "Алтын глобусы". Бұған дейін ол "Авиатор" және "Волк с Уолл-стрит" картиналарындағы ролі үшін осы сыйлықты алған болатын. Сонымен қатар, "Выживший" лентасы үздік кинофильм атанды. Режиссер Алехандро Иньярритудің "Выживший" фильмі үшін "Алтын глобус" жүлдесін алғаны белгілі.

"Әйелдер арасындағы үздік коммедиялық роль" категориясында Джениффер Лоуренс "Джой" картинасындағы жұмысы үшін үздік болды. Ал әйелдер арасында үздік драмалық ролі үшін "Алтын глобусты "Комната" фильміндегі ролі үшін Бри Ларсон жеңіп алды."

Режиссер Ридли Скоттың "Марсианин" ғылыми-фантастикалық фильмі "үздік комедия/мюзикл" аталымында жүлде иегері болды. 

Уилл Смит

Әнші Сэм Смит

Кейт Бланшетт

Кейт Уинслет

Леди Гага "Американская история ужасов. Отель" мини-сериалындағы ролімен Голливудтың шетел басылымдарының Ассоциациясының сыйлығын жеңіп алды.

"Выживший" фильміндегі үздік режиссура үшін Алехандро Иньярриту сыйлыққа ие болды.

Paul Drinkwater/NBC©


© Getty Images

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети