22 шілде 2015 12:52

Министр "масқаралайтын" фильмдер туралы тізімін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арыстанбек Мұхамедиұлы Арыстанбек Мұхамедиұлы

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанды масқаралайтын фильмдердің тізіміне неліктен бірнеше кинофестивальдердің түрлі жүлделерін алған туындыларды кіргізгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанды масқаралайтын фильмдердің тізіміне неліктен бірнеше кинофестивальдердің түрлі жүлделерін алған туындыларды кіргізгенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен фильм атаулары мен авторларын саналы түрде айттым. Сіздер бұл фильмдерді көрдіңіздер ме? Неліктен олар кең прокатта көрсетілмеді? Ал "Қазақфильм" халықтың наразылығын туғызбау үшін прокатқа бір-екі күн беріп, дереу қайта алып тастады. Мен Эмир Байғазинді ("Асланның сабақтары" фильмінің авторы әрі режиссері - Авт.) құрметтеймін, қадір тұтамын, оған дипломды өзім табыстағанмын. Әділхан Ержанов ("Қожайындар" және "Риэлтор" фильмдерінің режиссері - Авт.) - қайталанбас жігіт. Бұл жігіттердің өз дарындарын жасампаздыққа жұмсаса екен деген тілегім бар. Адамның бейшара қасиеттері көрінетін фильм түсірілгенде бұл әрине наразылық туғызады. Оның үстіне олар халықаралық фестивальдерде өздерінің емес, Қазақстанның атынан шығады", - деді ол Tengrinews.kz тілшісіне ОКҚ брифингінің үзілісінде. 

Бұл фильмдердің халықаралық фестивальдерде бірнеше рет жүлде алғаны жайлы сұраққа министр детальдарға ерекше назар аудару керектігін айтты.

"Әр нәрсенің екі жағы болады, ерекше назар аудару керек. Егер бұл фильмдер шын мәнінде жоғары өнері үшін гран-при алып жатса (...) Халықаралық гранттардың кейбір өзіне тән бағыттарды көрсетуге бағытталғанын білеміз. (...) Мұндай фильмдерді режиссердің мүддесі мен амбициясын басуға арналған бағыты бағдарламалар бар. Мен зор құрметпен қараймын, "Операция "Арго" немесе "Миллионер из трущоб" сияқты фильмдерді түсірейік деймін. Бұл фильм Үндістанда шынымен тырысып көрген адамның үлкен жетістіктерге жете алатынын бәріне түсіндіреді. Осындай фильмдерді түсіру керек екенін айтып, талап етемін. Неліктен біз салық төлеушілердің қаражатына қоғамда негатив туғызатын фильмдерді түсіреміз? Біріншіден қарап көріңіздер. Себебі сұрақ қоятындардың 90 пайызы фильмді көрмей, ол туралы оқып қана шектелген. (...) Оларды дарындарын жасампаздыққа арнауына шақырамын, біз қоғамда бар негативпен күресіп жатырмыз. Бірақ бұл адамның қабылдауымызды төмендететін қасиеттерін көрсетуіміз керектігін білдірмейді ғой", - деді ол.

Еске салайық, ертеде ақпарат құралдарында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және өнер жөніндегі отырысында өз пікірінше Қазақстанды масқаралайтын фильмдерді атағаны жайлы ақпарат пайда болды. Олардың ішінде Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" және Әділхан Ержановтың "Риэлтор", "Қожайындар" сияқты фильмдері болды.

Кейін Әділхан Ержанов мәдениет және спорт министрінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. "Министр минуттық эмоцияның күшімен айтты деп үміттенемін, бірақ сол эмоцияның қайдан шыққанын мен біле алмаймын. Екіншіден, министр классиктердің шығармашылығына қарап көруі керек деп ойлаймын, мәселен Абайды, таяуда жасалған мәлімдеменің логикасына салсақ ол да халықты масқаралайды. Үшіншіден "Қожайындар" фильмінің арқасында Каннда көтерілген Қазақстан туы да мәдениетіміздегі шенеуніктердің ойынша, елімізді масқаралағаны. Төртіншіден, кинематографиядағы шындықтың жоқтығы халықты масқаралайтынын мойындау керек. Шығармашылық елді масқараламайды, Испания рыцарін әжуалаған Дон Кихот та, қаңғыбастар мен жезөкшені түсірген Пазолини де Италияны масқаралаған жоқ", - деп мәлімдеді Әділхан Ержанов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети