12 маусым 2015 14:39

Министрдің менің шығармашылығымды бақылайтынына қуаныштымын - "Қожайындар" фильмінің режиссері

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Almatylife.kz ©Almatylife.kz

Әділхан Ержанов ҚР Мәдениет және спорт министрінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ержанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында картинасының отандық прокатқа шықпаса да, министрдің шығармашылығын бақылап жүретініне қуанышты екенін айтты. 


Әділхан Ержанов ҚР Мәдениет және спорт министрінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Ержанов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында картинасының отандық прокатқа шықпаса да, министрдің шығармашылығын бақылап жүретініне қуанышты екенін айтты. 

"Министр минуттық эмоцияның күшімен айтты деп үміттенемін, бірақ сол эмоцияның қайдан шыққанын мен біле алмаймын. Екіншіден, министр классиктердің шығармашылығына қарап көруі керек деп ойлаймын, мәселен Абайды, таяуда жасалған мәлімдеменің логикасына салсақ ол да халықты масқаралайды. Үшіншіден "Қожайындар" фильмінің арқасында Каннда көтерілген Қазақстан туы да мәдениетіміздегі шенеуніктердің ойынша, елімізді масқаралағаны. Төртіншіден, кинематографиядағы шындықтың жоқтығы халықты масқаралайтынын мойындау керек. Шығармашылық елді масқараламайды, Испания рыцарін әжуалаған Дон Кихот та, қаңғыбастар мен жезөкшені түсірген Пазолини де Италияны масқаралаған жоқ", - деп мәлімдеді Әділхан Ержанов.

Еске салайық, ақпарат құралдарында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының мәдениет және өнер кеңесінің отырысында Қазақстанды масқаралайтын фильмдерді атағаны хабарланды. Олардың ішінде Эмир Байғазиннің "Асланның сабақтары" және Әділхан Ержановтың "Риэлтор" мен "Қожайындар" фильмі аталды. Айта кетейік, Ержановтың Канндағы кинофестивальдің бағдарламасына енді. Кейін оның жұмысы Словакия, Голландия, Польша, Оңтүстік Корея, Ресей, Канада, Франция сияқты елдерде кинофестивальге қатысты.

Ал Эмир Байғазин болса пікір білдіруден бас тартты. Айта кетейік, оның алғашқы кинокартинасы "Асланның сабақтары" Берлин халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурс бағдарламасына енген тұңғыш қазақстандық фильм. Бұл фильм "Күміс аю" жүлдесін жеңіп алған болатын. Жалпы картина әлем бойынша 30-ға тарта жүлде жеңіп, 60-тан астам кинофестивальге қатысты.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети