21 шілде 2016 20:16

Мұхамедиұлы өзін айыптаған режиссерден 1 теңге көлемінде өтемақы төлеуді талап етіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғат Жәнібеков пен Арыстанбек Мұхамедиұлы. Талғат Жәнібеков пен Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Режиссер Талғат Жәнібековті сотқа берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы моральдық өтемақы ретінде режиссерден 1 теңге төлеуді талап етіп отыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Режиссер Талғат Жәнібековті сотқа берген Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы моральдық өтемақы ретінде режиссерден 1 теңге төлеуді талап етіп отыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, дау 2015 жылдың маусымында шыққан еді. "Феникс" фильмін түсірушілер Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігін түсірілім жұмыстарын үзіп тастады деп айыптаған еді. Кейін олар Арыстанбек Мұхамедиұлын ресейлік-америкалық Aldamisa Entertainment компаниясымен біріккен "Феникс" жобасы тоқтап қалғанына байланысты айыптаған еді. Таяуда режиссер Талғат Жәнібеков Мұхамедиұлы бопсалаумен айналысты деп мәлімдеп, видео жариялаған болатын. Айтуынша, министр фильмді қаржыландыру үшін ақша сұраған.

"Өзінің конституциялық құқықтарын қолдана отырып, 2016 жылдың 19 шілдесінде Мұхамедиұлы ар-намысын қорғау мақсатында сотқа өтініш берген болатын. Талаптарының негізінде Мұхамедиұлы жалған мәліметтерді жоққа шығарып, оған моралдық залал ретінде 1 теңге көлемінде өтемақы төлеуін талап етті", - деді адвокат Ескендір Әлімбаев.

Еске салайық, осыған дейін министрлік өкілдері режиссер мен Мұхамедиұлының арасында шыққан дауға қатысты пікір білдірген болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети