03 қараша 2015 14:15

Назарбаевтың қыздарының ролін кімдердің сомдайтыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бибігүл Сүйіншалинаның Instagram желісіндегі суреті Бибігүл Сүйіншалинаның Instagram желісіндегі суреті

Қазақстандық актрисалар Қарлығаш Мұхамеджанова мен Бибігүл Сүйіншалина Тұңғыш Президент туралы жаңа фильмде Нұрсұлтан Назарбаевтың қыздарының ролін сомдайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы жас актриса Бибігүл Сүйіншалина Instagram желісіндегі парақшасында жария етті. "Жұлдыздар осылай жанған еді" ("Так сложились звезды") фильміне костюм таңдау кезінде керемет @karlygashmuhamedzhanova-ны кездестірдім. Ол менің әпкем Дариға Назарбаева болып роль ойнайды, ал мен Динараның. Айтпақшы, екеуміз де опа-далапсыз тұрмыз", - деп жазды Сүйіншалина. 

Еске салайық, Президент туралы фильмнің бесінші бөлімін ресейлік режиссер Сергей Снежкин түсіріп жатыр. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың ролінде бесінші бөлімде Берік Айтжанов ойнайды, алдыңғы бөлімдерінде Президент болып Нұрлан Әлімжан ойнаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети