04 қараша 2014 16:52

"Партизандық кино" өкілдері әлеуметтік драма түсіруге кірісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жасұлан Пошанов. ©Жеке мұрағат Жасұлан Пошанов. ©Жеке мұрағат

"Партизандық кино" қозғалысын құрушылар қазіргі қоғам проблемаларын көтеретін әлеуметтік драма түсіру жұмысына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Партизандық кино" қозғалысын құрушылар қазіргі қоғам проблемаларын көтеретін әлеуметтік драма түсіру жұмысына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дайындық жұмыстары бітті, сценарий жазылды, ал жасаушылар түсірілім жұмыстарын қайда өткізетінін таңдады. Енді тек басты рөлдерге актер бекіту ғана қалды. Кинематографистер жұмысты 2014 жылдың желтоқсан айында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әрі қарай ол көптеген халықаралық кинофестивальдерге іріктеледі деп сенеді. "Жаңа әлеуметтік драмада қоғамның кластерлік қабаттары ретінде оң және теріс жақтарын айтқымыз келеді. Фильм қоғамның түрлі топтарының өзара қақтығысықаны жайлы - бай мен кедейдің өмірде болған оқиғасына негізделген. Картинаның терең мазмұны мен дұрыс сауалы болады", - деді фильмнің бас режиссері Пошанов.

"Жел қызы", "Ғашық жүрек-2" ленталарымен танымал режиссер Жасұлан Пошанов өзге жанрларда да фильм түсіру жұмысын тоқтатпайтынын айтты. "Мен сонымен бірге жалпы қоғамға бағытталған қызықты картиналарды түсіруді жалғастыра беремін, Бірақ мұндай шығармашылық та дами беруі керек", - деді ол.

Қазақстандық жас режиссерлер - Асқар Ұзабаев, Жасұлан Пошанов және Әділхан Ержанов - "Партизандық кино" қозғалысын құрып, буржуазиялық және алдамшы фильмге қарсы шықты. Айта кетейік, "Партизандық кино" үш бөліктен құралған. Қазақстандық режиссерлер фильмді еш бюджетсіз түсіреді, олардың фильмдері бүгінгі заманның әлеуметтік және шынайы проблемаларын көтереді, барлық ленталар жаңа наразылық формасында ұсынылмақ.

"Біз "алма піс, аузыма түс" деуден шаршадық та, өзіміз де лента түсіре алатын жағдайда екенімізді түсіндік. Біз нағыз, адал және ақылды фильмдер жасай алатынымызды дәлелдегіміз келеді. Жас режиссерлер, қазір кинематографияға жаңадан келіп жатқан өскелең ұрпақ "Қазақфильмнің", жеке студиялардың бар екенін, және бір идеяның өзіне жақсы фильмдер жасайтын "Партизан студияның" барын түсінгенін қалаймыз", - деді продюсер Асқар Ұзабаев. 

"Партизандық кино" қозғалысын құру туралы идея кинематографистерге екі жыл бұрын келген. Содан бері олар идеяны пісіріп, ұсныстарын енгізіп, жұмыс барысына дейінгі де, одан кейінгі де уақытта кездескен проблемалары туралы айтып жүрді. "Біз жігіттермен көп талқыладық. Біреуінде бір проблема, басқаларында - басқа. Сөйтіп бұл бір-бірімізді өзіміз осы идеяға ұйыстыра білдік. Біздің басты мақсатымыз - шынайы фильмдер жасау. Біздіңше, қазақстандық кинематографияда өтірік көп", - деді Асқар Ұзабаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети