02 желтоқсан 2014 | 17:54

"Сабина келін" фильмі прокаттың 5 күнінде 112 миллион теңге жинады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің кадры Фильмнің кадры

Режиссер, сценарист әрі актер Нұртас Адамбаевтың "Сабина келін" комедиялық фильм-дебюты бес күндік прокатта 112 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Режиссер, сценарист әрі актер Нұртас Адамбаевтың "Сабина келін" комедиялық фильм-дебюты бес күндік прокатта 112 миллион теңге жинады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картинаның бес күн ішіндегі кассалық жиыны - 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында - 112 миллион теңге немесе 615 мың долларды құрады. Осылайша, фильм өзінің түсіріліміне кеткен сомадан екі есе көп пайда түсірді. Еске сала кетейік, Сабина келін туралы фильмді түсіруге 300 мың доллар немесе 54,6 миллион теңге жұмсалғаны хабарланған болатын. Картина түсірілімдерінің басым бөлігі Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 17 күн бойы жүргізілген.

Оқиға аты ойдан шығарылған Жүгері ауылында өрбиді. Басты рөлдегі Сабина Қарсыбаева - дәулетті отбасының қызы. Ол құрбыларымен клубта демалғанды жақсы көреді. Кештердің бірінде оны шейхтың ұлымын деп алдап, үйленуге сөз берген ауыл тұрғыны алып қашады. Шындығында, ол қызды Дубайға емес, ауылға алып барады. Ол сол жерде қазақтың салт-дәстүрімен танысып, шәй құюды үйренеді, бесбармақ әзірлеп, үлкендерге сәлем салып, қазақша сөйлей бастайды. Картина авторы тақырыптың өзекті екенін және бұл фильм көптеген қызға жақсы үлгі болатынын атап өтті.

"Сабина келін" фильміндегі басты рөлді Нұртас Адамбаевтың өзі сомдады, сонымен қатар, фильмде өзге де атақты театр актерлары ойнайды.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети