29 қазан 2015 18:23

"Сабина келін" халықаралық кинофестивальде бас жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сабина келін" актерлері "Сабина келін" актерлері

"Сабина келін" фильмі Индонезияда өткен халықаралық International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Сабина келін" фильмі Индонезияда өткен халықаралық International Film Festival for Documentary, Short and Comedy Films кинофестивалінде бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық режиссер Нұртас Адамбаевтың дебюттік фильмі "үздік шеберлігімен" (Outstanding Excellence Award) ерекшеленді. Айта кетейік, кинофестиваль қысқа метражды, деректі және комедиялық фильмдерге бағытталған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Сабина келін" инновациялық формасымен ерекшеленді.

Кинофестивальге қатысуға 1200 өтініш келіп түскен. Олардың 20-ы ғана сыйлыққа ие болды. "Бастапқыда көркем фильмдер категориясын алған жоқпыз, бірақ "Сабина келінге" мүмкіндік бердік. Бұл шешім біздің бұған дейін осыған ұқсас фильмдерді көруімізбен байланысты болды - көркем, комедиялы, сонымен қатар, әйелдердің қоғамдағы құқығын қозғаған, шыншыл фильм. Фильмнің өзі позитивті, әдемі әрі типті түрде түсірілген. Бұл біз үшін үлкен жаңалық болды. Біз үлкен мәселені жеңіл комедия арқылы айтуға болатынын көрдік, ол арқылы қоғамдағы зор өзгерістерге ықпал етуге болады. Кинофестиваль басталғалы бері бірінші рет бас жүлдені көркем фильмге бердік", - деді ұйымдастырушылар.

Сонымен қатар, "Сабина келін" фильмі АҚШ, Қытай, Румыния және Жаңа Зеландиядағы бес халықаралық кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети