20 қазан 2016 11:50

"Тараз" драмасы бір апта ішінде 85 миллион теңге табыс тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тараз" деп аталатын криминалдық драма қазақстандық прокатқа шыққаннан кейін бір апта ішінде 85 миллион теңге табыс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы картинаның режиссері, сондай-ақ фильмде басты рөлдердің бірінде ойнаған Нұртас Адамбаев мәлімдеді.

Еліміздегі барлық кинотеатрдың мәліметтеріне сәйкес, алғашқы төрт күннің өзінде фильм 250 мың доллар жинаған. Оның айтуынша, бұл оның алдында түсірген фильмдерімен салыстырғандар рекордтық көрсеткіш емес. Еске сала кетейік, Адамбаев осыған дейін "Сабина келін" фильмі, "Ауылдан қашу" және "Сабина келін 2" фильмдерін түсірді.

Режиссердің айтуынша, фильм драма болғандықтан ол еліміздегі кинотеатрларда комедиялармен салыстырғанда сирек көрсетілді. "Прокаттың қаражаты қанша болатынын болжамай-ақ қояйық. Себебі бұл кинопрокат, әзірше нақты жауапты айта алмаймыз. Өзіміз де жаңа цифрларды күтіп отырмыз. Кинотеатрлардағы жағдай тұрақты, драма көрсетіліп жатыр", - деді Адамбаев.

Айта кетейік, Нұртас Адамбаев түсірген "Тараз" фильмі 2016 жылдың 6 қазанында прокатқа шыққан болатын. Фильмде басты рөлдерде Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлнәз Жоланова, Асан Мәжіт, Төлепберген Байсақалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев пен Әшім Ахметов ойнайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети