15 қаңтар 2015 15:46

Тим Бертонның "Үлкен көз" фильмі қазақстандық прокатқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильм кадры Фильм кадры

Америкалық режиссер Тим Бертонның "Үлкен көз" ("Большие глаза") фильмі қазақстандық прокатқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Америкалық режиссер Тим Бертонның "Үлкен көз" ("Большие глаза") фильмі қазақстандық прокатқа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тим Бертонның "Үлкен көз" фильмі өткен ғасырдың 1950 жылдары танымал болған суретші Маргарет Киннің өмірі туралы шынайы оқиғаға құрылған. Режиссердің өзі оның өнерін бағалайтыны анықталды. Сюжет бойынша әзірше белгісіз суретші Маргарет қызын және бірнеше картинасын алып, күйеуінен қашып кетеді. Әйел бульварларда шарж салып, нәпақа табуды көздейді. Сөйтіп, ол ортаңғол суретші Уолтер Кинмен танысады. Бір-екі кездесуден кейін жігіт оған үйлену туралы ұсыныс жасайды.

Уолтер өз әйелінің дарынын пайдаланбақ болып, кішігірім мейрамхананың дәлізінде суреттер көрмесін ұйымдастырады. Әйелдің картинасын ешкім сатып алмайтын болғандықтан, Уолтер бұл туындылардың өзінікі екенін айтады. Бұдан кейін ол сәттілікке қол жеткізеді. 10 жыл бойында Кин әлемге танымал болып шыға келеді, бірақ бір күні Маргарет шындықты айтуды ұйғарады. Бүкіл әлем Киннің осыған дейін қарапайым болып көрінген әйелінің мәлімдемесіне аң-таң болады. 

Киносыншылар фильмнің режиссурасына қатысты Тим Бертонның жаңа қырынан танылғанын айтты. Таң қаларлығы, режиссер басты рольді бұл жолы Джонни Деппке емес, оның қарсыласы саналатын Кристоф Вальцқа сеніп тапсырған. Маргарет Киннің ролінде "Алтын глобус" жүлдесін алған актриса Эми Адам ойнады.  

Биографиялық картинада терең философиялық мотив іздеудің қажеті жоқ, көрермен айтарлықтай ерекшелік көре алмайды. "Үлкен көз" фильмі мұңлы әрі жарқын оқиғадан жағымды әсер қалдырады. Қазақстанда лентаны "Меломан" компаниясы 15 қаңтардан бастап ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети