12 наурыз 2015 19:04

"Үшеуге арналған үйлену тойы" бір аптада 470 мың доллар түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнің ресми постері Фильмнің ресми постері

"Үшеуге арналған үйлену тойы" деп аталатын қазақстандық комедия прокатқа шыққаннан кейін бір апта ішінде 470 мың доллар немесе 87 миллион теңге пайда тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы фильм продюсері Баян Ерімбет хабарлады. Осылайша картина өз құнын ақтап алды. Осыған дейін фильм бюджетінің 350 мың доллар екені хабарланған еді.

Фильмнің түсірілім жұмыстары Алматыда 29 күн ішінде түсіріліп бітті. Картинада басты рольдерде танымал жұлдыздар - Нұртас Адамбаев, Аружан Жазылбекова және Дәурен Айдарқұловтар ойнады. Ал ресейлік және қазақстандық сериалдардың сценарисі ("Папины дочки", "Бажалар", "Вузеры") және бірқатар қысқаметражды фильм мен музыкалық видеоның авторы Асқар Бисембин аталған фильмнің режиссері болды.  

Романтикалық комедия дарынды алаяқ Азаматтың (Дәурен Айдарқұлов) басынан өткен оқиғаларын баяндайды. Ол Мәскеуде тұрады. Оның кезекті бір алаяқтық ісінен кейін қылмыс әлемінің дөкейі оны өлтіруге тапсырыс береді. Жігіт өзін өлтіргісі келген киллерлермен келісім жасайды. Ол аз уақыттың ішінде 200 мың доллар тауып беруі тиіс болады. Осы қаражатты табу үшін Азамат жеті жыл бұрын қашып кеткен туған қаласы Алматыға оралады. Бұл кезде оның бұрынғы досы Тимур (Нұртас Адамбаев) Азаматтан бір қызды алып қашуға көмек сұрайды. Сүйіктісі Әлияны (Аружан Жазылбекова) алып қашуға бекінген жастар күтпеген жағдайларға тап болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети