16 сәуір 2014 17:38

13 адамның суши-бардан ұшынуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда суши-бардан 13 адамның ұшыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда суши-бардан 13 адамның ұшыну дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды "Наша газета" Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық іс "Санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылуы" бабы бойынша қозғалды. Департамент мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта зардап шеккендерден жауап алынып жатыр, сараптама тағайындалды.

Еске салайық, Қостанайда астан ұшынып, 13 адам ауруханаға түскен болатын. Олардың бәрінің сәуірдің 10-ынан бергі кезеңде қаладағы бір суши-бардан тамақтанғаны белгілі болды. Науқастарға "ішек инфекциясы" деген диагноз қойылды. Тұтынушылар құқын қорғау жөніндегі облыстық департамент жетекшісінің міндетін атқарушы Сәуле Байменованың бұған дейінгі хабарлауынша, аталған тамақтану орнын тексеру шағын және орта бизнеске қатысты жарияланған мораторийге байланысты мүмкін болмай тұр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети