02 сәуір 2014 | 21:46

16 жастағы мексикалық қыз Facebook-тегі суреті үшін құрбысын пышақтап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Элизабет Гутьеррес (сол жақта) және Анель Баэз (оң жақта). Сурет: upi.com Элизабет Гутьеррес (сол жақта) және Анель Баэз (оң жақта). Сурет: upi.com

Мексикалық 16 жастағы мектеп оқушысы Facebook желісінде жарияланған суреті үшін өзінің  ең жақын құрбысын пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі UPI порталына сілтеме жасап. Қызға құрбысының әлеуметтік желіге екеуінің бірге жалаңаш түскен суретін салғаны ұнамаған. 

Оқыс оқиға 16 наурыз күні орын алған. Тергеу нұсқалары бойынша, әлеуметтік желідегі суретті көрген Элизабет Гутьеррес өзінің жақын құрбысы Анель Баэзге өлтіретіндігі туралы хат жазған. Жауап ретінде, Баэзе құрбысын бұл мәселені шешу үшін, үйіне шақырған. Пәтерге кірген бойда қыз ваннаға кіруге рұқсат сұрап, сол жаққа бара жатқандай қалып танытқан. Арада біраз уақыт өткеннен кейін Гутьеррес құрбысына шабуыл жасап, ас үй пышағымен 65 соққы жасаған.

Қаныпезерді құрбан болған қызды жерлеу рәсімінде қолға түсірген. Апта соңында Гутьерреске айып тағылатын болады. Айта кетейік, егер сот оны кінәлі деп таныса, ол темірторда жеті жыл отыратын болады. Өйткені бұл Мексика заңы бойынша кәмелетке толмаған адамның кісі өлтіргені үшін қолданылатын ең ауыр жаза болып табылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети