09 тамыз 2022 15:16

2,3 миллиард теңге. "ҚазТрансГаз Аймақ" лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: © Reuters Көрнекі сурет: © Reuters

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.


"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ лауазымды тұлғаларына қатысты жоғары тарифті қолдану арқылы негізсіз пайда табу дерегі тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

"2020-2021 жылдардағы заңсыз қызметтен түскен қаражат 2,3 миллирад теңге екені анықталды. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның филиалымен газ тасымалдау қызметіне монополиялық жоғары тарифті белгілеп, төлем алып отырған. Тергеу барысында табиғи монополияларды реттеу комитетінің өңірлік департаментіне белгіленген тарифтерге өзгерістер енгізу туралы ұсыным жасалып, нәтижесінде табиғи газ бағасына тариф төмендетілді", - делінген хабарламада.

ҚМА мәліметінше, нәтижесінде "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Қызылорда филиалымен газ тасымалдауға көрсетілетін қызмет үшін шекті тариф және монополистік бағаларды қолдану кезеңі үшін өтемдік тариф (әрбір 1000м3 көлемге 3 320,45 теңге) белгіленген. Қызылорда облысының тұрғындары 2022 жылдың 1 тамызынан бастап газ үшін төмендетілген тарифке көшкен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети