03 сәуір 2020 15:09

"3 сағат тікті". Ақтөбелік келіншек бұрынғы күйеуі бетін тіліп тастағанын хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны бұрынғы жұбайы бетін тіліп тастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбе қаласының 28 жастағы тұрғыны бұрынғы жұбайы бетін тіліп тастағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел "Немолчиkz" қорына көмекке жүгінген.

13 наурызда келіншек жұмыста болған. Ол сусындар құятын дүкенде бармен болып істейді. Оның айтуынша, күйеуімен 2018 жылы ажырасқан. Олардың кәмелетке толмаған қызы бар.

"Күндіз бұрынғы күйеуіме демалыс күндері қызымды алып кетпесін деп қоңырау шалдым. Карантин салдарынан жолдарды жауып тастауы мүмкін, кейін үйге қайта алмай қалады. Ол кешке жұмысқа келіп, екі сыраға тапсырыс берді. Мен шотты төлеуін сұрағанымда, ол: "Мекеме есебінен" деді. Мен барлығы жалақымнан ұсталып қалатынын айттым. Ол үшіншісін сұрады, мен құйған жоқпын", - дейді ақтөбелік келіншек.

Ол екеуі сөзге келіп қалғанын айтты.

"Барлық қызметкер кеткенде, ол он минутқа шығып кетті де, оралды. Сонда оның бір нәрсе ойлағанын түсіндім. Ол маған тап берді. Залда бір ер адам қалған, мен қашып, соның артына жасырындым. Көмек сұрап, мені ұрып тастауы мүмкін екенін айттым. Мен айғайлап, көмектесуін сұрап жалындым. Бірақ ол жай ғана кетіп қалды. Бұрынғы күйеуім мені ұра бастады, шашымды ұстап, өзіне тартты.

Содан кейін ол мені камерасы жоқ бөлмеге алып кетіп, үстіме отырып, бір өткір затпен бетімді тіле бастады. Мен жылап, босатуын сұрап жалындым. Ол ызаланып мені өлтіретінін, мен оған бұйырмаған екенмін, онда ешкімге бұйырмайтынымды айтты", - деді ол.

Ер адам олардың кәмелетке толмаған ортақ қызы туралы естігеннен кейін тынышталған.

"Қызымды айтқанда ол оянғандай болды. Мен тұрдым да айнаға қарап қорқып кеттім, бетім қан-қан. Мен жедел жәрдем шақыруын сұрадым, ол телефонмен сөйлескенде маған біреу шабуыл жасағандай баяндап берді", - деді Ақтөбе тұрғыны.

Кейін полиция келген. Әйелдің күйеуін ұстап, алып кеткен.

"Менен қан тоқтамай қойды, ауруханаға алып кетті. Үш сағат бойы бетімді тікті. Оң жағымдағы тілік еріннен құлаққа дейін 11 сантиметр. Көз, қабақ тігілді", - деді ол.

Оның айтуынша, екінші күні полиция қызметкерлері әйелден арыз алып кеткен. "Үшінші күні оны үй қамаққа жібергенін білдім. Қазір мен үйдемін, далаға шығуға қорқамын. Менің анамнан басқа ешкімім жоқ. Маған көмектесіңіздерші, өтінемін", - деді ол.

Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 107-бабына "Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіруге" сәйкес сот алды тергеу басталғанын хабарлады.

Полиция аталған дерек бойынша шағымның бар-жоғына қарамастан істің тіркелетінін айтты.

"Сонымен қатар, күдіктіге ҚР "Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы" заңының 20-бабына сәйкес қорғау нұсқамасы берілді, оған жәбірленушімен байланыс жасауға тыйым салынады", - деді облыстық полиция департаментінің өкілі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети