22 шілде 2016 10:26

Абақтыда зорланған келіншектің ісіне қатысты күтпеген деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК телеарнасы КТК телеарнасы

Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлаған іске қатысты күтпеген деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлаған іске қатысты күтпеген деректер пайда болды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Түрмеде зорланған келіншек қызметкердің ашынасы болуы әбден мүмкін. Сондықтан жыныстық қатынасқа әйелдің өзі келісім беруі ықтимал", - деді Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин.

Оның айтуынша, абақтыда камера тұрғанда, оны жабылып зорлау мүмкін емес. Бірақ, автозакпен жауап алуға тасу кезінде түрме қызметкері мен келіншектің арасындағы әңгіме таныстыққа ұласуын жоққа шығармайды. Алаяқтығы үшін жазасын өтеп жүрген 32 жастағы Наталья Слекишинаның өзі төрт түрме қызметкерінің жабылып зорлағанын айтып отыр. Айта кетейік, сараптама қорытындысы бойынша кішкентай қыздың әкесі Руслан Хәкімов екені дәлелденді. Ал 20 шілдеде қамалған әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған абақты қызметкері 2 айға қамауға алынған еді.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.

Осыған дейін ІІМ өкілдері абақтыда зорланған әйелдің ісіне қатысты түсінік берген еді. Кейінірек Алматыда қамалған әйелді зорлады деген күдікпен абақтының қызметкері ұсталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети