03 ақпан 2017 13:56

Абақтыда зорланған Слекишина бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/dina.tansari © facebook/dina.tansari

"Қарақшылық, аса iрi мөлшерде жымқыру" бабы бойынша сотталған Наталья Слекишина бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Слекишинаның адвокаты Айман Омарова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.


"Қарақшылық, аса iрi мөлшерде жымқыру" бабы бойынша сотталған Наталья Слекишина бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Слекишинаның адвокаты Айман Омарова Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Наталья Слекишинаның адвокаты Айман Омарова қорғалушысының жазасын кейін өтеуіне қатысты істе жеңген болатын. Алайда сотталушының бұрынғы қайын енесі бұл шешімге наразылығын білдірген еді.

Еске салайық, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. Бұл оқиғадан жәбірденуші сол Слекишина болып шығады. Тілшілердің мәліметінше, 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жатқанда 4 азаматтың жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін айтқан. Ол тіпті сол кезде жүкті болып қалған. Бірақ жақында ғана туылған баланың әкесі кім екені белгісіз. Ал қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері тағылған айыппен келіспейтінін айтып отыр. Айта кетейік, кінә тағылып отырған 4 азамат та осы мекемеде ұзақ уақыттан бері қызмет етіп келеді. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар. Натальяны 4 бірдей қызметкер бірнеше рет зорлаған.

Кейін арнайы сараптама тағайындалып, баланың әкесі расымен түрме бақылаушысы Руслан Хәкімов екені анықталған болатын.


© Facebook/dina.tansari

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети