27 сәуір 2017 18:20

Әблязовтің сыбайластары ерлі-зайыпты Храпуновтардың компаниясын БТА Банкінен қаражат алуға қолданған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұхтар Әблязовтің сыбайластары Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың әйелі Лейла Храпуновадан сатып алған компанияны БТА Банкінен заңсыз кредит алуға қолданған. Бұл туралы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған бас сот отырысы барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мұхтар Әблязовтің сыбайластары Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың әйелі Лейла Храпуновадан сатып алған компанияны БТА Банкінен заңсыз кредит алуға қолданған. Бұл туралы Алматыдағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған бас сот отырысы барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БТА Банкінің өкілі сот барысында "Building Service Company"  ЖШС-ның 2002 жылдың 15 қазанында бірінші рет тіркелгенін хабарлады. "2013 жылдың 6 қазанында ЖШС қатысушыларының жалпы жиынында бекітілген капиталды 82 300 теңдеген 2 миллиард 79 миллион теңгеге көбейту және қатысушылардың үлестерін қайта үлестіру туралы шешім қабылданды", - деді БТА Банкінің өкілі.

Осыдан кейін бұл үлестер Лейла Храпуноваға 45 мың 265 теңгеге (55 пайыз) және 37 037 теңгеге (45 пайыз) сатылған. 

"Бұл компанияның қызметі Храпуновтың қызметімен байланысты. Оған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық қудалау аясында мемлекеттік қордан шығарылған активтер әйелінің компаниясына тіркелген, дәл осы жағдайда "Building Service Company" ЖШС-на қосылған. Осылайша, жарғылық капитал өскен", - деді банк өкілі. 

Сотта Лейла Храпунованың бұл компанияны кейінірек "Стройтех" ЖШС фирмасына сатқаны айтылды. 2007 жылдың 15 қаңтарында "Building Service Company" ЖШС 1 миллиард 180 миллион теңге жарғылық капиталмен қайта тіркелген. Әблязовтің сыбайластары оның қатысушылары болған. 2007 жылдың 12 ақпанында сатып алу-сату келісімшартының негізінде қатысушылар "Building Service Company" ЖШС-дағы өз үлестерін "Барат Инвест LTD" ЖШС-ға 99,9 пайыз жарғылық капиталымен 3 миллиард 290 миллион 630 мың теңгеге және БТА Банкінің КББ-6 қызметкері Ефимованың Beltor Limited компаниясына 3 миллион 494 мың теңгеге сатқан. "Building Service Company" ЖШС және "Стройтех" ЖШС-ның Әблязовтің бақылауында екені анықталған.  

Осыдан кейін, 2007 жылдың 11 шілдесінде кредит келісімшарты жасалған. "Ол ақшалай қаражатты кредит түрінде заңсыз әрі кедергісіз алу жолын айқындады. Қарыз алушыға лимиттің жалпы сомасынан 152 миллион 609 мың теңге берілген. Осы ақшалай қаражат толықтай "Building Service Company" ЖШС-ға берілген", - деп хабарлады БТА Банкінің өкілі.

Өз кезегінде прокуратура өкілдері Beltor Limited және "Барат Инвест" компанияларының "Building Service Company" ЖШС үлестерін БТА Банкі АҚ кредит қаражаттарының есебінен сатып алғанын хабарлады.

Мұхтар Әблязовтің қылмыстық ісінде 160-тан аса эпизод бар, осының барлығы 2 мың томнан асады. Осыған дейінгі сот отырыстарында БТА банкінің экс-басшысы басқарған "Астана-Холдинг" компаниясының қызметкері өзін Әблязовтің сыбайластары шекарадан асырып әкетуге әрекеттенгенін мәлімдеген.

Тағы бір сот тыңдауында есепті банктің қаражаттарына "БТА Банкінің" экс-басшысы Мұхтар Әблязовтің жеке әуепарк сатып алғаны хабарланған. Банкте кепілдік ретінде "люкс" санатындағы бірнеше ұшақ болған, бұл ұшақтар бірнеше жыл бойы бұрынғы басшылық пен олардың туыстарын тасымалдаған делінеді. Ал бұл ұшақтарды күтуге 2008 жылы банк ай сайын 100 миллион теңгеден аса (675 мың доллар) қаражат жұмсап отырыпты. 

Айта кетейік, Әблязовтің өзі сотқа қатысып жатқан жоқ, оның мүддесін мемлекет тағайындаған адвокат қорғап отыр. Сотталушы ретінде БТА банкінің бұрынғы топ-менеджерлері қарастырылып отыр. Олар - басқарма төрағасы Сәдуақас Мәмеш, басқарма төрағасының бірінші орынбасары - кредит комитетінің төрағасы Жақсылық Жарымбетов, кредиттеу бойынша директор Қайрат Садықов. Мәмеш пен Садықов сотта өз кінәсін ішінара мойындаса, Жарымбетов толықтай мойындап отыр. 

Еске салайық, Әблязов қылмыстық топ құрды және оған басшылық етті, БТА банкінің қаражатын жымқырды және оларды заңдастырды, банк қаражатын заңсыз қолданды және өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети