28 қараша 2014 13:11

Адвокат Қытайда тұтқындалған Ақжарқын Тұрлыбай экстрадицияланады деп үміттенеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақжарқын Тұрлыбай. ©Әлеуметтік желілер Ақжарқын Тұрлыбай. ©Әлеуметтік желілер

Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов ол Қытайдан экстрадицияланады деген үмітте, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 28 қарашада есірткі контрабандасы туралы істің тергеуі аяқталғаны белгілі болды.


Қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетов ол Қытайдан экстрадицияланады деген үмітте, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін, 28 қарашада есірткі контрабандасы туралы істің тергеуі аяқталғаны белгілі болды.

""Тұрлыбайды Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселені қарастыру үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне өтініш жаздық, әзірше жауап болмады. Жақын арада келеді деп күтіп отырмыз, - дейді адвокат. - Себебі Қазақстан азаматтарын Қытайдан экстрадициялау туралы халықаралық келісім бекітілмеді, осыған байланысты қиындықтар туып отыр. Мұнымен қатар, қытайлық әріптестеріміз тергеу барысы жайлы толық ақпаратты бермей отыр. Бір аптадан кейін іс сотқа жіберілуі керек (Гуанчжоуға - Авт.)", - деді Нұрмағамбетов. 

Оның айтуынша, Ақжарқын Тұрлыбайдың жағдайы жақсы, денсаулығы көңіл көншітерліктей. Қандай да бір ауру туралы немесе Қытайдың құқық қорғау органдары тарапынан қысым түсіру туралы шағым түспеді. Сонымен бірге, Қытайдың заңына сәйкес, туысқандарымен тергеу кезінде кездесу қарастырылмаған, сондықтан Ақжарқын Тұрлыбай қамалғалы бері ата-анасымен кездеспеген. Ол көктемде ұсталған еді. Есірткі контрабандасымен айналысқаны дәлелденетін болса оған ауыр жаза, тіпті өмір бойы түрмеге қамалуы мүмкін. Бірақ бәрі де Ақжарқын Тұрлыбайдың жүгінен табылған естен тандырғыш заттардың түрі мен мөлшеріне байланысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети