09 наурыз 2017 11:05

"Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасардың қамау мерзімі ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еркін Ізбасар Еркін Ізбасар

Сот "Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың қамау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот "Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасардың қамау мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Еркін Ізбасардың қамау мерзімі 3 наурызда 1 айға ұзартылды. Осыған байланысты Еркін Ізбасар 7 сәуірге дейін қамауда болады", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, қазіргі уақытта тергеуден 22 адамның өтіп жатқаны айтылады.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді.

"Ағайынды төртеу" деп аталған қылмыстық топтың басшысы Еркін Ізбасар жайлы не білеміз?

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети