22 желтоқсан 2014 10:26

Ақсу тұрғыны дүкендерден 100 мың теңгенің тауарын ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©berdsk-online.ru ©berdsk-online.ru

Ақсу қаласында дүкендерден жалпы құны 100 мың теңгеге жуықтайтын тауарларды ұрлаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақсу қаласында дүкендерден жалпы құны 100 мың теңгеге жуықтайтын тауарларды ұрлаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ұры кең тараған әдіс бойынша әрекет еткен - саудагерлердің назарын басқаға аудара отырып, сөредегі заттарды асқан ептілікпен жымқырып кететін болған. Жедел әрекет ету қызметкерлері Ақсу қаласының 22 жастағы тұрғынын ұстады. Еш жерде жұмыс істемейтін жігіт бұрын-соңды сотталмаған. 

"Ұсталған адамға жүргізілген тінту шараларының барысында заттай айғақтар - жалпы құны 100 мың теңгеге жуықтайтын ұрланған тауарлар тәркіленді", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Күдіктіге төрт ұрлық дерегі бойынша айып тағылды. Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексеріліп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Петропавлда Ресей азаматының дүкен тонағаны хабарланған болатын. Ол жергілікті сыбайласымен бірге дүкен кеңсесіндегі сейфтен миллион теңгеге жуық қаржыны ұрлап кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети