23 тамыз 2016 12:41

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті түсірілген видео жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті түсірілген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда 6 жасар қызды зорлады деген күдікті түсірілген видео жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жалғасы

Күдікті түсірілген видео WhatsApp мессенджерінде таралып жатыр. Видеода ер адамның №1 ықшамаудандағы "Иваныч" дүкеніне кіргені көрінеді, осы уақытта дүкеннен зорланған 6 жасар қыз шығады. Ер адам кері қайтып, қыздың соңынан жүреді. 

Соған қарағанда полицейлер осы дүкенде орнатылған видеобақылау камерасына жазылып қалған видеоны телефонға түсіріп алған. ІІД өкілдері осы видеоны барынша көп таратуды сұрап отыр. 

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. 

Полициядағылар қыздың сол күні 17.30 шамасында табылғанын хабарлапты. Қыздың жағдайы ауыр болған, көп қан жоғалтқан, күн өтіп кеткен. Тәртіп сақшылары оны "Нұр Плаза" жағалауына қарама-қарсы саяжайдан тапқан. Қыз балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Осы уақытта полицейлер бірнеше күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандардың бұл қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Ал кейін полицейлер 6 жасар қызды зорлаған адамды іздестіруге көмек сұрап, күдіктінің бағыттамасын таратты. Осы дерекке "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети