02 желтоқсан 2014 21:03

Ақтауда Еуразиялық банктің клиентін тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

eurasian-bank.kz eurasian-bank.kz

Еуразиялық банктің Ақтау қаласында орналасқан бөлімшесінің клиентін тонап кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Еуразиялық банктің Ақтау қаласында орналасқан бөлімшесінің клиентін тонап кетті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органының мәліметіне қарағанда, оқиға 2 желтоқсан күні таңертең Ақтау қаласының 8-шағын ауданында болған. Алдын ала жасалған болжам бойынша, ер адам есепшоттан ақша алып шығар есікке қарай беттеген. Сол сәтте білгісіз қарақшы оған банк филиалынан шықпай жатып шабуыл жасап, төрт миллион теңгеге жуық ақшасын тартып әкеткен. Қарақшы күш көрсетіп, соның салдарынан жәбірленуші жарақат алған. ІІД-нің мәліметіне қарағанда, аяғы сынып, иығы шыққан ер адам облыстық ауруханаға жеткізілген.

Жедел із кесу шараларының нәтижесінде қарақшының жолы кесіліп, құрықталды. Ұсталған азамат бұрын сотты болған 1974 жылы туған Ақтау қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалып, "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Ақтау қаласындағы ақша айырбастау пунктіне қарақшылық шабуыл жасалған еді. Қылмыскер айырбастау пунктінің 53 жастағы кассиріне күш көрсетіп 640 мың теңге, 800 доллар, 73 мың рубльді қолды еткен болатын. Сол кезде полиция қылмыскердің 25-30 жасар жігіт екенін мәлімдеген. 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети