05 желтоқсан 2014 14:57

Ақтауда педофил алты жасар қызды зорламақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kp.ru ©kp.ru

Ақтауда педофил алты жастағы оқушыны зорламақ болды, - деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтауда педофил алты жастағы оқушыны зорламақ болды, - деп хабарлайды "Лада" Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 3 желтоқсан күні болды. Педофил №12 мектептің нөлінші сыныбының оқушысына тиіскен. Полицейлердің хабарлауынша, ер адам мектептен келе жатқан қыз баланы аңдыған, онымен бірге 12-ықшамаудандағы көпқабатты үйдің подъезіне кірген. "Жәбірленушінің айтуынша, ер адам оны шешіндірмек болған кезде ол айқайлап жіберген. Сол кезде ер адам шошып кетеді. Бала зорланған жоқ", - дейді ІІД өкілдері. Қыз бала педофилдің түр-әлпеті қандай екенін айтып берді, қазір полиция оны іздестіріп жатыр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында біржарым жыл бұрын іздеу жарияланған педофил ұсталған еді. 2013 жылдың шілдесінде Іле ауданының тұрғынына қатысты "Кәмелетке толмағандарды азғындау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицияға бес жасар қыздың анасы шағымданды. Ол ауруханада емделу үшін қызын құрбысына қалдырғанын айтты. Ауруханадан шыққаннан кейін қыз баланың жыныстық зорлық көргенін байқайды, ол туралы қыздың өзі айтып берген. Медициналық сараптама оның зорланбағанын анықтады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети