06 қыркүйек 2016 21:11

Ақтауда зорланған қызды тапқандарға тағайындалған 3 миллион теңге сыйақы ешкімге берілмейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz Tengrinews.kz

Маңғыстау облысының әкімі мен облыс кәсіпкерлерінің Ақтауда зорланған алты жасар қызды тапқандарға үш миллион теңге көлемінде ақша береміз деген уәдесі орындалмайды, яғни ешкімге де үш миллион теңге көлемінде сыйақы берілмейді. Бұл туралы зорланған алты жасар қызды ұрлау және зорлау ісіне қатысты тергеу жұмыстарына арналған брифинг барысында Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Қайрат Далбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полицейлер күдіктіні ұстады. Сондықтан да ешкімге сыйақы берілмейді", - деді Қайрат Далбеков.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети