02 қыркүйек 2016 17:14

Ақтауда зорланған қызға қатысты істің мән-жайы прокурордың рұқсатымен ғана айтылады - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ашық дереккөздерден алынған сурет Ашық дереккөздерден алынған сурет

Ақтауда зорланған алты жасар қызға байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауапта айтылады.


Ақтауда зорланған алты жасар қызға байланысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауапта айтылады.

"Ақтауда болған қылмыстық іске қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шара жүзеге асырылады. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында мәліметтер ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексіне сәйкес прокурордың рұқсатымен ғана жарияланады. Осыған байланысты қылмыстық істі тергеу жұмыстары барысында қандай да бір ақпаратты немесе қылмыстық істің қорытындылары жайлы ақпарат таратуға болмайды", - делінген ҚР ІІМ берген жауабында.

Еске салайық, оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети