15 желтоқсан 2014 17:10

Ақтөбе облысында бір ер адам қызын балталап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rusknife.com ©rusknife.com

Ақтөбе облысында бір ер адам 11 жастағы қызын балталап тастады да, кейін өзін-өзі өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбе облысында бір ер адам 11 жастағы қызын балталап тастады да, кейін өзін-өзі өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 38 жастағы ер адам жұмыстан кейін 18 жастағы ұлын моншаға жібереді, өзі әйелімен жанжалдасып қалады. Айқай кезінде ол қолына балта алып, әйеліне ұмтылады, бірақ 11 жастағы қызы араша түседі. Балта қыздың ұйқы күретамырына тиіп, жасөспірім сол жерде қайтыс болады. Ер адам бұдан кейін де басылмай, балтамен әйелінің басынан бірнеше рет ұрған. 

Өз қызын өлтіріп алған соң ер адам бесқабатты үйдің шатырынан секіріп кетеді. Әйелі аман қалды, ол қазір Хромтаудағы ауруханада жатыр, жағдайы ауыр. Жәбірленушіге нейрохирургиялық күрделі операция жасалды. 

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр. Полицейлер ер адамның қылмыс жасаған кезде мас болғанын анықтады. 


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети