12 желтоқсан 2016 18:20

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша қамалғандардың саны 12-ге жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы үш күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша, қамауға алынғандардың саны 12 адамға жетті.


Ақтөбеде мұнай ұрлығы ісі бойынша тағы үш күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Осылайша, қамауға алынғандардың саны 12 адамға жетті.

Ақтөбенің №2 сотының А.С.Сарамбетовке, Н.Н.Қайырбаевқа және В.В.Ақсақовқа қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын таңдағаны айтылады.

Еске салайық, осыған дейін Ақтөбе қалалық №2 сотының арнайы операция кезінде ұсталған Б.К.Батыров, Н.С.Қазкенов, С.Б.Дусупов, Е.У.Еркетаев , А.А.Амитов, Ж.М.Ілиясов, А.М.Қалиев, А.Ж.Сәрсенов және Еркін Ізбасарға (1-ші топтағы мүгедек) қатысты бұлтартпау шарасын таңдағаны хабарланған болатын.

Бұл тұлғаларға ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 4-бөлігі 1,2-тармақтары ("Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу") және 262-бабының 2-бөлігі ("Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу") бойынша күдік келіп отыр.

Қамауға алынғандардың ішінде "Ағайынды төртеу" қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасар да бар.

Еске сала кетейік, Еркін Ізбасар Ақтөбедегі мұнай базасының территориясында ірі арнайы операция жүрген күні Алматыда ұсталған болатын. Ұйымдасқан қылмыстық топтың лидерімен бірге оның оққағары мен жүргізушісі ұсталған еді. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Еркін Ізбасаровпен бірге оның көлік жүргізушісі мен оққағары да қазір Ақтөбеде. Енді оларды мұнай ұрлығына қатысты осында тергейтін болады. Ізбасаровтің аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети