05 маусым 2016 20:52

Ақтөбедегі атыс: Шабуыл жасалған қару-жарақ дүкендерінің суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде шабуыл жасалған қару-жарақ дүкендерінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде шабуыл жасалған қару-жарақ дүкендерінің суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сонымен қатар, видеобақылау камерасына түсіп қалған видео да жария болды. Роликте қару ұстаған адамдар жүргені көрінеді.

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды. 

ІІМ мәліметінше, шабуыл жасағандардың бірі ұсталды, үшеуінің көзі жойылды, біреуі жарақат алды. "Қазіргі уақытта бірнеше қылмыскер блокқа түсірілді, бірнешеуі жасырынып үлгерді", - деді ҚР ІІМ ресми өкілі.

Айта кетейік, 2011 жылы Ақтөбеде бүгінгіге ұқсас оқиға болған еді. 10 шілдеде белгісіздер Mazda көлігіндегі 22 жастағы Нұрлан Теміровке қарулы шабуыл жасаған болатын. Ол алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. Көлік жүргізушісі зардап шекпеді. Ұсталғандар 4 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Олар "терроризм жасау, қару-жарақты заңсыз сақтау және тасымалдау, қылмыс туралы хабарламау" бойынша айыпты деп танылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети