28 қараша 2016 15:43

Ақтөбелік студент "ВКонтакте" желісіндегі аудиожазбалары үшін 5 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ВКонтакте" желісіндегі аудиожазбалары үшін ақтөбелік студент 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон". Осыған дейін тергеушілер 18 жастағы жігіттің парақшасынан терроризмге үгіттейді делінген тректерді тапқан болатын.


"ВКонтакте" желісіндегі аудиожазбалары үшін ақтөбелік студент 5 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон". Осыған дейін тергеушілер 18 жастағы жігіттің парақшасынан терроризмге үгіттейді делінген тректерді тапқан болатын.

Биыл 28 қарашада Ақтөбедегі қылмыстық істер жөніндегі сотта құрылыс және бизнес колледжінің студенті Мәуліт Еменов терроризмді насихаттады деп, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтейді.

Процесстік прокурор тараптарды қатар тыңдау барысында сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Соттың үкімі студент пен оның анасын есеңгіретіп тастапты. "Қылмыстық істің материалдарына қарағанда, Еменовтің жеке парақшасында араб және орыс тілдерінде аудиожазбалар анықталған. Бұл жазбалар жиһадқа үгіттеп, терроризмді насихаттаған. Бұл жазбалар ашық тұрған және оны қалаған адам тыңдай алған", - деп жазады басылым.

Тергеудің мәліметінше, Еменов радикал діни ағымының ұстанушысы болған. Сотталушының өзі болса 2016 жылдың ақпанынан бастап дінге беріліп, бес уақыт намаз оқығанын мәлімдеген.

"Мен ештеңе де таратқан жоқпын. Мен ешкімде ештеңеге үгіттеген жоқпын, бұлай болады деп ойламадым, ойламаған жерден болды. Анамнан, ағамнан, барлығынан кешірім сұраймын. Қатаң жазаламауды сұраймын", - деді сот залында сотталушы. Соттың шешімі әзірше заңды күшіне енген жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети