Алматы облыстық ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық ТЖД басшысы пара алды деген күдікке ілінді видеодан үзінді

ҚР ІІМ ТЖК Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Астанада өткен брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық бюро мәліметінше, Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, азаматтық қорғау полковнигі 2018 жылы 11 қазанда пара алды деген күдікке ілінді. 

"Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру дәне апатты-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді", - дейді агенттіктің ресми өкілі. 

Соынмен қатар, өз кінәсін толықтай мойындаған айыпталушы ұсталмаған. Тергеу жалғасып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети