19 мамыр 2021 | 16:01

Алматы облысында 16 жастағы қызды сабаған әйелдердің бірі ұсталды

Фото: instagram/boraldai.news

Алматы облысы Боралдай кентінде кәмелетке толмаған қызды ұрып-соқандардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Боралдай кентінде кәмелетке толмаған қызды ұрып-соқандардың бірі ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

13 мамырда Алматы облысы Боралдай кентіндегі аялдамада екі әйел 16 жастағы қызды ұрып-соққан. Жасөспірім алған жарақаттарына байланысты Алматыдағы балалар ауруханасына жеткізілді.

Қылмысты ашу үшін жедел-тергеу тобы құрылған. Полицейлер күдіктілерді Алматыдан Боралдай ауылына жеткізген такси жүргізушісін тауып, 25 пен 40 жас аралығындағы әйелдерді ұқсас белгілері бойынша тексеріп шыққан.

Реклама
Реклама

"19 мамырда Алматыда өткізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері 27 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол дәлелдер ұсынылғаннан кейін өз кінәсін мойындады. Оқиғаның екінші қатысушысы, Еңбекшіқазақ ауданы Бәйтерек ауылының 30 жастағы тұрғыны екені анықталды. Оны ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді департамент өкілдері.

Бұған дейін Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соққаны хабарланған болатын. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілген. Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарады. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі "Сахарный" аялдамасында болғаны айтылған. 

Кейін 16 жастағы Камиланың анасы әлеуметтік желілерде үндеу жасады. Ол әйелдерді танитындар болса хабар беруді сұраған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram