02 тамыз 2016 13:39

Алматы облысында 57 жастағы әйел өзінің қалай ұрланғаны жайында толығымен айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primorye24.ru © primorye24.ru

Алматы облысында 57 жастағы тұрғын өзінің ұрланғаны жайында толығымен айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында 57 жастағы тұрғын өзінің ұрланғаны жайында толығымен айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шегушінің туыстары редакцияға хабарласып, артынша егде жастағы әйелдің өзімен хабарласу мүмкіндігі туды. Телефон арқылы ол өзінің Алматыдағы ауруханалардың бірінде жатқанын айтты.

"Дүйсенбіде бетперде киген екі адам менің үйіме баса көктеп кіріп, мені ұрып соғып, өзімнің көлігіммен ұрлап кетті. Бір күн бойы олар мені тасыды, зиратқа апарды. Екі рет үстіме бензин төгіп, оттық жақындатып, өртеп жіберетіндерін айтып қорқытты. Олар менен мен үшін пұл төлейтін адамның мекен жайы немесе телефон номерін беруді талап етті. Мен әзер дегенде құрбымның номерін теріп бердім. Құрбым мен үшін оларға 100 мың доллар беретін болды", - дейді әйел. Ол қылмыскерлердің өзін босатуы үшін осынша мөлшерде қаражат талап еткенін айтады.

Көз жасын әрең дегенде тыя отырып әйел өз сөзін жалғастырды: "Кешкісін ұрып соғылған (қолы сынған, денесінің барлығы көгерген) мені қала орталығындағы Мақатаев көшесінің бойындағы жалдамалы бір пәтерге алып келді. Шамамның болмауына байланысты бар көрген нәрсем ол - Сара деген кафе не тағы басқа бірдеме. Осы ауданда мені тағы бір тәулік ұстады. Пәтердің иесі ұрып соғылған, қолы сынған жартылай жалаңаш күйімде пәтерге алып келгенін көрді. Пәтерде есік тұтқалары болмады. Келіссөздер жүргізіліп жатты, менің білуімше келіссөздер құрбыммен жүргізілді. Оған қоңырау шалып, 100 мың долларды алып келуі үшін кездесу келісілді. Мені полиция қалай тұтқыннан босатып алғанын білмеймін, - деп есіне түсірді зардап шегуші.

"Кешкісін қылмыскердің бірі тапсырыс берушілердің есімін жариялады. Қылмыскер тапсырыс берушілер ешқандайда пұл алмауды және мені өлтіруді талап еткенін айтты. Мені полицейлер құтқарып алған кезде, олардың бірінші сұрағы: Олар қайдан? Сізді кім ұрлады? Мен тапсырыс беруші адамдардың есімін атадым. Себебі мен өзімді ұрып соққан адамдарды көрген жоқпын, мен оларды білмеймін және олармен таныс емеспін", - деді егде тартқан әйел.

Ол өзінің жағдайы орташа және мұндай қаражатты табуға шамасы жоқ екендігін айтты. Ол сондай-ақ тапсырыс берушілердің өзіне таныс адамдар екенін айтты.

"Тапсырыс берушілер - 8 жыл бұрын менің пәтерімді алаяқтық жолмен тартып алған адамдар. Бірақ, мұның барлығы алаяқтық екенін растайтын соттың шешімі бар, сондықтан маған пәтерімді қайтарып берді. Қарапайым пәтер, ол жақта ондай миллиондар жоқ. Осыны жасаған нотариусқа қандай да бір жаза кесілген", - деді ол.

Еске салайық, Алматы облыстық ІІД-нің полицейлері әйел адамды ұрлаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети