06 сәуір 2015 13:58

Алматы облысында ер адам төрт кісіні пышақтап өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©sntat.ru ©sntat.ru

Алматы облысында Талғар ауданында ер адам төрт кісіні пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбековке сілтеме жасап.


Алматы облысында Талғар ауданында ер адам төрт кісіні пышақтап тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз хатшысы Дарын Арыстанбековке сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ер адам төрт кісіні Талғардағы үйлердің бірінде бауыздап тастаған. Күдікті дереу ұсталды. Тәртіп сақшылары кісі өлтіру мотивінің олардың арасындағы қырғи-қабақ қарым-қатынас болуы мүмкін екенін айтып отыр. Бірақ нақты мотив әзірше белгісіз.

Арыстанбековтың айтуынша, өлтірілгендердің ішінде кәмелет жасына толмағандар жоқ. Десе де, ол қайтыс болғандардың туыстығы жайлы мәліметті растай алмады. Әзірше олардың бір үйде болғаны анықталды. "Ұсталған азамат - жергілікті тұрғын. Қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстың барлық жағдаяттары анықталады, оқиғаның жай-жапсары кейін белгілі болады", - деді ол.

Еске салайық, осы жылдың қаңтар айында ер адамның Алматы облысында өз әйелін өлтіргені үшін сотталғаны хабарланған болатын. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети