Алматы облысы Заречный поселкісінде қамаудағы адамдар бақылаушылармен төбелескен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.
Алматы облысы Заречный поселкісінде қамаудағы адамдар бақылаушылармен төбелескен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілішсі ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап.
Бұл оқиға ЛА-155/14 мекемесінде болған. Ол жақта белгісіз адамдар тыйым салынған заттарды мекемеге алып кірмек болған.
"Бақылау аймағында Ұлттық ұланның кезекші тексерушісі үш сотталған адамды көріп қойған. Олар жасаққа арналған жерден алшақтап, тыйым салынған аймаққа кіріп, белгісіз біреулер тастап кеткен заттарды алғысы келген. Олардың бұл әрекеттерін әшкерелеген қызметкерге олар бағынбай, қарсылық көрсетіп, оған дене жарақатын келтірген", - деді ІІМ ресми өкілі.
Мекеме қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді. Болған оқиғаға байланысты жөнелтілген жасақ сотталушыларды ұстап, оларды тәртіп изоляторына қамады.
"Ұсталған адамдарға қатысты мекеме қызметкеріне күш көрсеткендігі үшін қылмыстық іс қозғалды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетiнің қызметкерлері бұл оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр", - деді ол.