21 ақпан 2022 16:09

Алматы облысында ірі майнинг ферма бұрынғы мата зауытында жұмыс істеп келген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Алматы облысы Жамбыл ауданында ірі майнинг фермасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысы Жамбыл ауданында ірі майнинг фермасы әшкереленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңсыз әрекет шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата зауыты болған "Қарғалы" АҚ аумағында жүзеге асырылғаны хабарланды.

Ұйымдастырушылар майнинг фермасы тұтынған электр қуатын тоқыма өндірісі атынан жеңілдетілген тариф бойынша төлеп келген. Тінту кезінде мамандар құны 1 миллиард теңгеден асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800-ден астам жабдық тәркіледі.

"Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген. Сонымен қатар, майнинг фермасын ұйымдастырушылар "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ мен Жамбыл ауданының ЭТА-нің қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети