14 сәуір 2015 12:03

Алматы полицейлері көлік үстіне қызды шығарып алып жүрген жүргізушіге айыппұл салады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Youtube.com/motor.kz @Youtube.com/motor.kz

Алматы полицейлері көлік үстіне қызды шығарып алып жүрген Subaru көлігінің жүргізушісіне айыппұл салады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оған "Жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдау ережесін" бұзғаны үшін айыппұл салынады. Айта кетейік, полиция қызметкерлері санкцияны видеоны толық қарап шыққанннан кейін қабылдаған. Олардың айтуынша, 1994 жылғы көлік жүргізушісі үлкен заң бұзушылық жасаған.

Видео Интернетте 13 сәуір күні пайда болған. Видеоның сипаттамасында "Өткен сенбі күні Абылайхан даңғылында түсірілген видеодан автокөлігі бар кейбір жүргізушілердің өз автоларының артына не үшін "спойлер" орнатып алатыны белгілі" деп жазылған.

Осыған дейін Алматы полицейлері жүріп бара жатқан  Audi 100 Avant автокөлігінің үстіне шығып алған жігітке шара қолданған болатын. Видео авторының айтуынша, оқиға Рысқұлов даңғылында болған. Ролик 15 наурыз күні түнгі уақытта түсіріліпті. Видео соңында жігіттің көлік қапталындағы терезеден көлік ішіне кіргені көрсетілген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети